Қазақстанда мәдениет пен өнер қайраткерлеріне арналған жаңа марапаттар бекітілді
Құрылтай депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды «24KZ». Бұл бастама Мемлекет басшысының Құрылтайдың бірінші шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік наградалар туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.
Аталмыш заң жобасы елдің рухани саласы мен өнер өкілдерін қолдауға бағытталған маңызды жаңалықтарды қамтиды. Атап айтқанда, құжатта келесідей наградаларды енгізу ұсынылған:
«Шәмші Қалдаяқов» медалі - отандық музыка өнері мен ән шығармашылығын дамытудағы жемісті қызметі және ерекше еңбегі үшін азаматтарды марапаттауға арналған.
«Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы - бейнелеу өнеріндегі үздік туындыларымен ерекшеленген және отандық көркем мәдениетті дамытуға ерекше еңбек сіңірген қайраткерлерге беріледі.
Бұл өзгерістер мен толықтырулар еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлерінің еңбегін бағалап, олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қоспақ.