Астанада Моңғолияның бейнелеу өнері көрмесі ашылды
Астанада Моңғолияның заманауи өнер көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Көрме экспозициясы елорда тұрғындары мен қонақтарын моңғол суретшілерінің шығармашылығымен және елдің ұлттық көркемөнер дәстүрімен таныстырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға әрі шығармашылық тәжірибе алмасуға ықпал етеді.
Ерлан Айтуаров, суретші:
- Көшпелі халықтардың көне заманнан қалған ой-пікірлері сақталған сияқты деп ойлаймын. Көшпелі халықтар – қазақтар, моңғолдар, ойраттар осы жағынан бір-бірімізге ұқсаспыз. Біз жусанның иісін сезініп өстік. Содан болар, суретшілер осы ортақ сезімдерді өз шығармалары арқылы бейнелейді. Сондықтан олардың туындылары бізге өте жақын сияқты.