Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы ән байқауы өтіп жатыр. LIVE

Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі орындаушылардың республикалық байқауы өтіп жатыр. Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен әншілер жиналды. Мәдени шарада Әміре Қашаубаевтың шығармашылық мұрасы дәріптеледі, деп хабарлайды 24KZ.

Ернұр Рысбай, тілші:

– Бүгін бұл сахнада қазақ халық әндері жаңғырып, нақышына келіп айтылады. Биылғы байқауды Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ұйымдастырып отыр. Байқаудың 90 жылдан астам тарихы бар өнер ордасында өтуі бекер емес.

Әміре Қашаубаев – қазақтың дәстүрлі ән өнерін әлемге танытқан әнші. Оның репертуарында 20-дан аса халық әні бар. Олар Біржан сал Қожағұлұлы, Жаяу Мұса, Ақан сері Қорамсаұлы секілді танымал композиторлардың туындылары.

Бүгінгі байқау ережесі бойынша қатысушылар Әміре Қашаубаевтың осы әндерінің бірін орындауы тиіс. Биылғы фестивальге қатысу үшін 20 мен 35 жас аралығындағы 41 үміткер өтініш білдіріпті. Ұйымдастырушылар соның ішінен 22 өнерпазды іріктеп алыпты.

Сондай-ақ оқыңыз: