Қызылордада республикалық суретшілер симпозиумы өтті

Қызылордада «Ұлттық нақыш. Мәңгілік мұра» атты республикалық суретшілер симпозиумы өтті.

Ауқымды мәдени іс-шара Қазақстанның халық суретшісі, кескіндеме және кино өнерінің көрнекті шебері Сахи Романовтың 100 жылдығына арналды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген танымал қылқалам шеберлері ашық аспан астында сурет салып, жергілікті жоғары оқу орындарының студенттеріне шеберлік сабағын өткізді. Көрме ұйымдастырылып, өңірдің тарихы, табиғаты мен бүгінгі келбетін бейнелейтін 50 жаңа туынды көпшілік назарына ұсынылды. Суретшілер симпозиум аясында салынған барлық картинаны облыстық тарихи-өлкетану музейіне тарту етті.

Оразбек Есенбаев, суретші:

- 32 картинаны осы Қызылорда өлкесіне қалдырып отырмын. Бұл өзіміздің болашаққа, бізден кейін өсіп келе жатқан балаларға кішкентай болса да тәрбие, тәжірибе болады деп, елге қуаныш әкеледі деп үміттенемін.

Сондай-ақ оқыңыз: