Қазақ өнерінің көрнекті өкілі Надежда Лушникова дүниеден озды
Қазақтың айтыс өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын Надежда Лушникова дүниеден өтті, деп хабарлайды «24KZ».
Қазақ тілін жетік меңгеріп, суырыпсалма өнерімен танылған ақын ұлттық әдебиет пен мәдениеттің дамуына зор үлес қосты. Оның шығармашылығы мен азаматтық болмысы қазақ руханиятының тарихында өзіндік орын алады.
Белгілі ақын, айтыс өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Надежда Лушникова 86 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Қазақ тілін жетік меңгерген ақын шығармашылығын қазақ поэзиясына арнады. Айтыс өнерінде танылып қана қоймай, бірнеше жыр жинағын шығарды. Ұзақ жылдар ұстаздық етіп, жас ұрпаққа қазақ тілі мен әдебиетін үйретті.
Сондай-ақ Үмбетәлі Кәрібаевтың әдеби мұрасын насихаттап, музей жұмысын дамытуға және жас ақындарды тәрбиелеуге зор еңбек сіңірді.