389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Опера сахнасының королі» Пласидо Доминго «Астана опера» театрына келеді

  • 458
  • UPD: 19:32, 09.01.2017
«Опера сахнасының королі» Пласидо Доминго «Астана опера» театрына келеді фото: ClassicalMusicNews.Ru

«Опера сахнасының королі» Пласидо Доминго «Астана опера» театрына келеді.

Өзі негізін қалаған дүниежүзіндегі ең беделді «Опералия» байқауы Қазақстанда алғаш рет өткелі отыр. ЭКСПО көрмесіне орай ұйымдастырылатын байқауды қала тұрғындары мен қонақтары шілденің 24-і мен 29-ы аралығында тамашалай алады. Айтулы шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 40-тан астам дарынды вокалшылар келеді деп жоспарланып отыр. Үш кезеңнен тұратын дода маэстро Домингоның «Астана Опера» симфониялық оркестріне жетекшілік етуімен өтетін жеңімпаздардың гала концертімен аяқталады. Жалпы жүлде қоры 180 мың АҚШ долларын құрайды.

Хабар 24 телеарнасы