384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемге әйгілі скрипкашылар елордада өнер көрсетті

  • 1579
  • UPD: 10:22, 21.01.2017

Төрткүл дүниенің төрт бұрышына танымал скрипкашылар қазақстандық өнер сүйер қауымды өз шеберлігімен тәнті етті.

Елордада Қазақ ұлттық өнер университетінің бағдарламасы аясында австриялық Гернот Винишхофер мен  Мексиканың аты аңызға айналған музыканты Энрике Батиз әлемдік классиканың үздік үлгілерін орындады. Мәртебелі меймандардың жетекшілігімен симфониялық оркестр Шуберт, Моцарт пен Чайковскийдің туындыларына жан бітірді. Концерттің негізгі мақсаты жас ұрпақты классикалық  музыка өнеріне баулу. Мәдени шараға жиналғандар өнер нәріне сусындап, әдемі әсерге бөленді.

Гернот Винишхофер, Вена консерваториясының профессоры:

- Әлемнің әр қиырында классикалық музыканы әрқилы орындайды. Бірі өте жұмсақ жеткізсе, енді бірі өз ырғағына салып кетеді. Бұл ретте қазақстандық мамандардың өнеріне жоғары баға беруге болады. Себебі сіздердің кәсіби шеберлеріңізде өнерге деген өзгеше ықылас бар.

Хабар 24 телеарнасы