384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жас суретшілер көрмесі өтті

  • 1282
  • UPD: 12:41, 21.01.2017

Қарағанды қаласының тұрғындары жас суретшілердің туындыларын тамашалады.

Өнер мектебі олардың 400-ге жуық шығармасын музейге қойды. Көздің жауын алатын керемет суреттер түрлі тәсілмен салынған. Ең үздік жұмыстар майлы бояумен жазылыпты. Бұл суреттерден палитраның қанық және айшықтығын көруге болады.

Дәурен Көшен, бейнелеу өнері музейінің ғылыми қызметкері:

- Оқушылардың туындылары кәсіби суретшілердің жұмысына қарағанда қолтаңбасымен ерекшеленеді. Жас суретшілер көбіне шуағы мол, жылылыққа толы дүниелерді салады. Сонысымен тартымды болады.

Хабар 24 телеарнасы