384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әнші Димаш Құдайбергенов қытайлықтарды өнерімен тәнті етті

  • 1636
  • UPD: 14:13, 22.01.2017

Қазақ әншісі Димаш Құдайбергенов Қытайда өткен «Мен әншімін» телебайқауына қатысып, сайыстың алғашқы кезеңінде қазылар алқасының ең жоғарғы ұпайын еншілеп, жеңімпаз атанды.

Бір миллиард 400 миллионға жуық халқы бар Қытайдың Hunan TV арнасына шығып, кәсіби әншілермен сайысқа түскен Димаш Құдайбергенов жоба авторлары ұсынған күрделі француз әнін шырқады. Байқау шартына сәйкес іріктеуден іркілмей өткен 8 әншінің біреуі кетіп, қалған жетеуі бас бәйгені сарапқа салды. Жеңіс кубогы ең үздік өнерпаз деп танылған талантты жерлесіміз Димаш Құдайбергеновке бұйырды. Димаштың досы Алпамыс Шәрімовтің айтуынша, оның өнеріне қайран қалған бір топ қытайлық фанат әншінің ана тілін түсіну үшін іле-шала қазақ тілі курсына жазылған көрінеді.

                                                                                           

 

Хабар 24 телеарнасы