384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Светлана Айтбаева: Димаштың жеңісі – ел мерейі

  • 1547
  • UPD: 19:45, 22.01.2017

Талантымен қытайлықтарды тәнті еткен Димаштың анасы Светлана Айтбаева: «Кешеден бері телефоныма тыным жоқ», - дейді.

Жан-жақтан келіп жатқан құттықтаулар толастар емес. Әншінің анасы телебайқау талаптарының қатаң болғанын айтады. Димаш өткен жылдың қараша айынан бері бірнеше рет Қытайға барып, арнайы кастингтен өткен. Тек кәсіби әншілер сынға түсетін жобаға небәрі 8 әнші іріктеліп алынған. Бесінші рет өтіп жатқан байқауға Қазақстан алғаш рет қатысып отыр. Жалпы, ТМД елдерінен бұрын-соңды ешкім бақ сынамаған.

Әдемі дауыс иесі Димаш Құдайберген 5 жасынан бастап ән үйірмесіне қатысқан. Мектептен кейін музыка колледжін тәмамдаса, қазір Ұлттық өнер университетінде оқып жатыр.

Димаш 2012 жылы «Жас қанат» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды, ал 2015 жылы «Славян базары» байқауынан жүлдемен оралды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «Мен әншімін» телебайқауына қатысып, сайыстың алғашқы кезеңінде қазылар алқасының ең жоғары ұпайын еншілеп, жеңімпаз атанды. Байқау 14 кезеңнен тұрады.

Светлана Айтбаева, Димаш Құдайбергеннің анасы:

- Біз өте қуаныштымыз, Димаштың бұл кішкентай ғана жеңісі болғанымен, ел үшін оның маңызы зор екенін кеше ғана түсіндік. Бұл байқаудың бір ерекшелігі, нағыз сахнада жүрген, қалыптасқан әншілердің ортасында өтетін байқау. Оның соншама млрд-тың арасынан финалға өткеніне біз қуанып едік, сол сегіздің ішінде Димаш ең жоғары балл алып, қазақтың мәртебесін, еліміздің мерейін тағы да бір рет көтерді деп қуанып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы