421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы халықаралық әуежайы мен екі темір жол вокзалындағы қауіпсіздік күшейтілді

  • 3091

Алматы халықаралық әуежайы мен екі темір жол вокзалындағы қауіпсіздік күшейтілді.

Еске сала кетейік, жаһандық жарысқа қатысушылар қаңтардың 16-нан келе бастады. Қонақтарды қарсы алып, олардың жүктерін бақылаудан өткізгенге дейінгі қауіпсіздікті тәулігіне 800-дей бейнекамера және 200-ден астам тәртіп сақшысы қадағалайды. Құқық қорғаушылар қажетті техника және көлікпен қамтамасыз етілген. Оған қоса, Австрия мен Алматыда үйретілген 12 иісшіл ит те бар. Кинологтардың айтуынша, үйретілген төбеттер жарылғыш заттың жеті, ал есірткінің бес түрін анықтай алады.

Бағлан Жарылқасынұлы, ҚР ІІМ көліктегі ІІД кинологиялық орталық қызметінің басшысы:

- Олар бізде екі бағытта жұмыс істейді. Яғни, жарылғыш заттар және есірткі заттарын табу бойынша жұмыс істейді. Осыларды біз Алматы әуежайында, Алматы-1 және Алматы-2 темір жол вокзалында күшейтілген нысанда жұмыс істеп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы