421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұшқыштар мен дәрігерлер Универсиадаға дайындықтарын пысықтады

  • 3133

Алматыдағы Қысқы Универсиада ойындарына «Қазавиақұтқару» қызметінің мамандары сақадай сай.

Спортшылар немесе жанкүйерлер жазатайым жарақат алған жағдайда ауруханаға тікұшақпен жеткізіледі. Осыған орай ұшқыштар мен дәрігерлер бірігіп арнайы дайындық өткізді.

Универсиада ойындары өтетін 8 спорттық нысанның екеуі Алматы облысында орналасқан. Оның бірі «Алатау» шаңғы-биатлон, ал екіншісі – «Табаған» спорт кешені. Қаладан алыс болғандықтан дәрігерлер оқыс жағдайда тікұшақтың көмегіне жүгінетін болады. 

Сценарийге сәйкес мына адам бірнеше жерінен аяғын сындырып алған. Шұғыл түрде операция қажет. Сондықтан, тікұшақтың көмегіне жүгінуден басқа амал жоқ. Борт көтеріле сала кезекші дәрігер телефон арқылы диагнозын айтады. Науқас жеткізілгенше аурухана қызметкерлері сақадай сай тұрады. 

Серік Қожағұлов, К-32 әуе кемесінің командирі:

- Дайындық барысында спорт кешендерімен таныстық. Ауруханалардағы тікұшақ қонатын алаңдарды көрдік. Мұның бәрін алдын ала білген абзал.

Ұшатын жедел жәрдемді Алматыдағы №7 және №4 клиникалық ауруханалар қабылдайды. Тікұшақ спорт кешендерінен аталған медициналық мекемелерге 15 минутта жетеді.

Мейрамбек Жұмағұлов, №4 қалалық клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі:

- Арнайы бригадалар жасақталды. Үш тіл білетін дәрігерлер. Олар да арнайы оқытылды, үйретілді. Спорт болғаннан кейін қолын, аяғын қайырып алу деген сияқты жағдайлар болады. 

Универсиада кезінде «Қазавиақұтқарудың» екі тікұшағы жұмыс істейді. Олар жарыс аяқталғанша «Алатау» және «Табаған» спорт кешендерінде кезекшілік атқарады.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Ғани Бикенов

Хабар 24 телеарнасы