419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қысқы Универсиада алауы Қостанайда жағылады

  • 2971

Бүгін Қостанай қаласында 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың алауы жағылады.

Бәсі биік бәсекенің құрметіне арналған алау эстафетасына 60 адам қатысады. Алауды ұстап қаланың көшелерімен жүріп өту мәртебесіне споршылар, ғалымдар, кәсіпкерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен өнер қайраткерлері ие болды. Облыс орталығында өтетін эстафета екі кезеңнен тұрады. Алау ұстағандар қаланың көшелерін аралап 12 шақырым жүріп өткен соң, жаһандық жарыстың символы Универсиада өтетін Алматы қаласына жеткізіледі.

Элина Михина, алау эстафетасының техникалық маманы:

- Әрбір өңірде жағылған алауды Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге жеткіземіз. Алау сөнбей, үнемі жанып тұратын болады.

Евгений Бондаренко, 2015 жылғы Дүниежүзілік Универсиаданың күміс жүлдегері:

- Кеше ғана алау эстафетасы бойынша тиісті нұсқаулар алдық. Арнайы киім берілді бізге, қазір мен сол киіммен тұрмын. Алаумен жүгіріп бара жатқан адам алыстан көрінуі үшін киімнің түсі әдейі осындай болып жасалған. Бірден көзге түсетін, ашық түсті киім маған ұнады.

Хабар 24 телеарнасы