421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада бүлдіршіндер көзімен...

  • 3355

Алматы қаласындағы балабақша мен мектептерде Универсиаданы қолдау шаралары өтіп жатыр.

Бөбекжай бүлдіршіндері екі топқа бөлініп, өзара үздіктерді анықтады. Алты түрлі сынақтан сүрінбей өткен балаларға кубок пен медаль табысталды. Ал, мектеп оқушылары Универсиада эстафетасын өткізіп, спорттағы шеберлігін көрсетті.

Бүгін Алматыдағы 116 бөбекжайда Универсиада алауы желбіреді. Балдырғандар екі топқа бөлініп, үздікті анықтады. Ол үшін тәрбиешілер кедергілерден секіріп өту, эстафета алауын алып жүгіру және доппен секіру сынды алты түрлі сынақ ұйымдастырған. Қазылар алқасы «өскелең ұрпақты саламатты өмір салтына тәрбиелеп, үлкен спортқа жетелеу балабақшадан басталуы керек», - дейді.  

Иcлам Байрамуков, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері:
- Спортқа деген көзқарасы жақсы болып өссе, сонда ғана ұрпақтарымыз осы есірткіден, ішімдіктен және қылмыстан аулақ болады. Спорттың осындай үлесі мол.

Ал №146 мектеп-лицейдің оқушылары ұлттық спорттағы шеберліктерін көрсетті. Төрт топқа бөлініп арқан тартыс, бұқа тартыс ұйымдастырған оқушылар қай команданың жылдам әрі епті екенін анықтады. Нәтижесінде Универсиада бойтұмарын дәріптеген «Сұңқар» тобы үздік атанды.

Бақытжан Шүкеев, қалалық №146 мектеп-лицейдің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

- Мектебімізде көптеген сынып сағаттары өткізілуде. Біз дене шынықтыру пәнінен балаларға, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларына тәжірибе түрінде эстафеталық жарыс өткізіп отырмыз.

Айта кетейік, Қысқы Универсиаданы қолдауға арналғар мұндай жарыстар қаладағы өзге мектептерде де өтуде.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Кенже Амраев, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы