421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда қазақ спортының жетістіктері туралы тарихи-құжаттамалық көрме ұйымдастырылды

  • 4041

Алматыда 28-ші Универсиада қарсаңында ҚР Президенті мұрағаты қазақ спортының жетістіктерін паш ететін тарихи-құжаттамалық көрме ұйымдастырды.

Көрмеде өткен ғасырдың 30-жылдарынан осы уақыт аралығындағы ел спортының ең таңдаулы сәттері көрсетілген.

Мұрағат қорында спорт саңлақтарының байрақты бәсекелері, Олимпиада ойындарында қол жеткізген жетістіктері мен жеңістерінен сыр шертетін бейне және фотоқұжаттар жинақталған. Мұнда ел спортының дамуын баяндайтын мыңдаған ресми құжаттар, бұйрықтар, мадақтаулар мен суреттер сақтаулы. Көрме үш кезеңді қамтыған.

Борис Жапаров, ҚР Президенті мұрағатының директоры:

- 1-кезеңі 1936-1946 жылдарды қамтиды. Бұл – еліміздегі кеңес дәуіріндегі бұқаралық спорттың қалыптасу уақыты. 2-кезең 1946-1991 жылдар аралығын қамтиды. Бұл уақытта кеңес дәуірінде спорттың кеңінен қанат жаю елімізде алғашқы чемпиондардың шыққан уақыты болатұғын. Қазақстан ұлттық командасының қазіргі жетістіктері мына үшінші кезеңге арналынған.

1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасы даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровтің бағын ашып, Олимпиада чемпионы атанды. Сол кездегі жеңісті күндер мен қуанышқа толы сәттер ешқашан естен кетпейді. Дүбірлі додада алған алтыны үшін «Волга» көлігін мініпті.

Жақсылық Үшкемпіров, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы:

- Әр Олимпиадада алтыннан алқа тағып жатырмыз ғой. Барып жатыр мемлекетіміз, туымызды көтеріп, әнұранымзыд шарқатып жатыр. Ол деген біздің жастарымыздың өскендігі. Барлығы мемлекеттің күштілігіне байланысты.

Жалпы Президент мұрағаты спорт саласындағы елеулі табыстарды назардан тыс қалдармай келеді. Бұл жерден спорт саңлақтары мен айтулы жарыстар туралы небір құнды мәліметтерді кезіктіруге болады.

Авторлары: Алмас Садуақас, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы