384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайберген Қытайдағы байқаудың екінші кезеңінде де жеңіске жетті

  • 1926
  • UPD: 11:46, 30.01.2017

Қытайда өтіп жатқан I Am a Singer байқауының екінші кезеңінде де Димаш Құдайберген жеңімпаз болды. «Опера 2» туындысын ерекше талғаммен орындаған Димаштың дауысына таңданыстарын жасыра алмаған көрермен тағы да тамсанды. Осылайша, 14 кезеңнен тұратын байқаудың алғашқы екі кезеңінде де қазақстандық өнерпаз жеңімпаз атанды. Сөйтіп, миллиардтар елінде танымалдығы арта түсті.

Осыдан бір апта бұрын қытайлық Твиттер «Weibo»-да әншінің оқырманы 30 мың ғана болса, қазір жанкүйерлер саны 700 мыңға жуықтады.

«Димашпен салыстырғанда біздің әншілер караоке деңгейінде шырқайды», - деп қазылар алқасындағы жергілікті өнер адамдары ағынан жарылды. Бұл жолы операның авторы әнді жоғарғы тонда бір-ақ рет көтерсе, бұл жолы Димаш оны қатарынан бес мәрте жоғары дауыста көтерді.

«Бұл бұрын-соңды тарихта болмаған жағдай», - дейді. Ал кәсіпке бейім қытайлық саудагарлер интернет дүкендерде «Димаштікіндей қара күрдек сатып алыңыз» деген жарнама таратып үлгерді. Тіпті Димаштың қолтаңбасы қойылған фотосуреттер қытай ғаламторында 25 юань, яғни 1200 теңгеден қызу саудаланып жатыр.

Джаң Нянь, Бейжің қаласының тұрғыны:

- Қазақстандық әнші Димаштың өзіндік ән айту мәнері бар. Маған оның әндері қатты ұнайды. Өте талантты әнші, жоғары нотаны қиналмай алады. Жеңімпаз болуына тілектеспін.

Ли Бинруй, Бейжің қаласының тұрғыны:

- Қазақстандық әнші өте сымбатты. Дауысы да сондай керемет. Ол нағыз дарын иесі. Димашты тыңдап отырып, өзіме руxани күш-қуат аламын. Димашты танығалы Қазақстанға деген қызығушылығым артты. Мен келесі жарыстарда Димаштың жаңа әндерін асыға күтемін.

Хабар 24 телеарнасы