419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қысқы Универсиаданың салтанатты ашылуына санаулы сағат қалды

  • 3143

28-ші Қысқы Универсиаданың салтанатты ашылуына санаулы сағат қалды.

Дәл қазір жарысқа қатысушылар сап түзеп, «Алматы Арена» маңында тұр. Спортшылар шеруі су жаңа кешенді бетке алып, салтанатқа сән береді. Ант оқылады, алау тұтанады. Алматы Универсиадасына келушілер студенттер арасындағы кешенді сын мұндай дәрежеде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр деп отыр. Расында солай. Өйткені Универсиадаға соншалықты мән берген, маңызын арттырған біздің ел. Ресми мәліметке сүйенсек, сайысқа әлемнің елу жеті елінен өкіл келген. Екі мыңға жуық студент спорттың он екі түрінен сынға түседі. Ал елімізден 171 спортшы қатысады.

Хабар 24 телеарнасы