419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиаданы тамашалаушылар қатары артты

  • 3767

Қысқы ойындардың билеттері жақсы өтіп жатыр.

Универсиаданы өткізу және әзірлеу жөніндегі дирекция басшысы Наиль Нұров билеттердің жартысынан көбі, яғни 110 мыңы сатылып кеткенін айтты. «Билеттің мұнша көп сатылуы жарыс аяғында болады деп межеленген», - дейді ол. Сондай-ақ, жабық стадиондар мен тау шаңғысы кешендерінде өтетін жарыстарды тамашалайтындардың қарасы қалыңдай түскен. Спорт жарыстарымен қатар жүлдегерлерді марапаттау салтанаты да қонақтар назарын өзіне аударып отыр. «Дәстүр бойынша марапаттау рәсімінің күнде «Медал Плазада» өтуі келушілер санын арттыратыны сөзсіз», - дейді ұйымдастырушылар.

Наиль Нұров, Универсиада-2017 дирекциясының директоры: 

- Марапат тұғыры бүгін Республика сарайының қарсы алдындағы Абай алаңында ашылып отыр. Салтанатты шара күн сайын сағат 16:00-де танымал әншілердің, өнер қайраткерлерінің қатысуымен өтетін қызықты концерттік бағдарламамен басталады. Кешкі сағат 20:00-де спортшыларға жүлделерді тапсыру салтанаты болады.

Хабар 24 телеарнасы