383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана-Опера» әйгілі Маринский музыкалық театрының сахнасын бағындырмақ

  • 650
  • UPD: 22:26, 01.02.2017

«Астана-Опера» әйгілі Маринский музыкалық театрының сахнасын бағындырмақ.

80 балет артисінен тұратын театр ұжымы Санкт-Петербург қаласында Морис Жаррдың «Собор Парижской Богоматери» балетін сахналайды. Ал осыдан үш жыл бұрын олар «Біржан-Сара» мен «Аттила» операсын ұсынды. Бұл жолы Виктор Гюго романының желісі бойынша дайындалған жаңа қойылым ұсынылмақ. Сахнаға шықпас бұрын мемлекеттік опера және балет театырының ұжымы баспасөз мәслихатын өткізді. Олар Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінде ұйымдастырылатын мәдени бағдарлама төңірегінде де айтып өтті. Санкт-Петербург қаласында өтетін бұл гастролдік сапар да «ЭКСПО 2017» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.

Ғалым Ахмедьяров, «Астана Опера» театрының директоры:

- Бұл қойылымға халықаралық байқаулардың жеңімпазы Арман Оразғалиев дирижерлік етеді. Сонымен қатар Маринский театрының симфониялық оркестірі де қатысады. Қазақстанда өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі аясында бізде көптеген мәдени іс-шаралар жоспарланған. Солардың бірі Маринский театрының қойылымы болмақ.

Алтынай Асылмұратова, «Астана Опера» балет тобының көркемдік жетекшісі:

- Собор Парижской Богоматери» қойылымы бәрінің есінде болар. 80-жылдары Киров театры кезінде де сахналанған болатын. Содан бері көпшілік назарына ұсынылған жоқ. Енді міне, Петербург қаласы тұрғандарына сый жасағалы отырмыз. Қазақстандық балет қазір күннен күнге қарқын алып келеді. Театр репертуары да бірінеше қойылымдармен толықты. Біз де өз кезегінде жаңашыл әрі қызықты қойылымдарды ұсынуға тырысамыз. Қазіргі таңда театр қоржынында 10 қойылым бар.

Хабар 24 телеарнасы