422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәнерлеп сырғанаушы қыздарымыздан қандай нәтиже күтеміз?

  • 2773

Бүгін мәнерлеп сырғанаудан қыздар арасында жарыс басталды.

Кеше қысқа бағдарламасын орындаған спортшылар бүгін еркін бағдарламамен өнер көрсетіп жатыр. Сындарлы сайыста Жансая Адыханова, Вероника Шевелева мен Айза Мамбекова ел намысын қорғайды.

Мұз айдынында билеген бойжеткендердің жарысын қытайлық спортшы Ли Жиайин бастады. Бүгінгі еркін бағдарламада 15 елден 24 спортшы бақтарын сынайды. Қазақстандықтардан мұзға бірінші болып Жансая Адыханова шығады.

Жансаядан кейін қазақстандық Вероника Шевелева шығады. Сондай-ақ, бүгінгі кеште тағы бір жерлесіміз Айза Мамбекова өнер көрсетеді. Кешегі қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша Айза қазір 16-орында келеді. Ал үздік үштікті ресейліктер Елена Радионова, Елизавета Туктамышова және жапониялық Рин Нитая бастап тұр. Ешқандай тосынсый болмаса, жеңіс тұғырынан да осы үш бойжеткенді көретін секілдіміз. Жеңімпаздар сағат 21:00-ге таман белгілі болады.  

Авторы: Ұлан Нарынбек

Хабар 24 телеарнасы