425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Универсиада жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті

  • 2816

Универсиаданың бүгінгі жарыстары қазақстандық спортшылар мен жанкүйерлер үшін табысты болды.

Біздің биатлоншы, шаңғы мен фристайлшылар ел үмітін еселеп ақтады. Атлеттеріміз төрт алтын, екі қола медаль жеңіп алып, қоржынымыз олжаға, көңіліміз қуанышқа толып отыр.

Марапаттау салтанатының басталғанына санаулы минуттар ғана өтті. Универсиадаға қатысқан спортшылар үшін бұл жүлделердің орны бөлек. Өйткені, бірқатары үшін Универсиада алқасы спорттағы алғашқы үлкен жеңіс саналады. Бүгінгі күн біздің спортшылар мен жанкүйерлердің мақтануына тұрарлық нәтижелермен аяқталды. Өйткені, Қазақстан құрамасының қоржыны тағы төрт алтын, екі қола медальмен толықты. Атап өтсек, биатлоннан ел намысын қорғаған Галина Вишневская, фристайлдан Юлия Галышева, Дмитрий Рейхард және шаңғы жарысынан Иван Люфт алтыннан алқа тақты. Ал, шыңғы жарысындағы жүлдегерлердің қатарынан көрінген Анна Стоян мен фристайлшы Павел Колмаков қоланы еншіледі. Біздің жеңімпаздарды қолдауға келген жанкүйерлердің қарасы қалың.

Еліміз үміт артқан басқа да спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

Авторы: Аршын Кемелжан

Хабар 24 телеарнасы