425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада-2017: жарыс жалғасып жатыр

  • 2986

Кеше фристайлдың могул деп аталатын түрінен қос алтын медальді алған Дмитрий Рейхард пен Юлия Галышева бүгін жұптасып сынға түседі.

Дәл қазір Шымбұлақтағы тау-шаңғы кешенінде іріктеу кезеңі жүріп жатыр.

Кеше Шымбұлақтағы могул біздің спортшылар үшін керемет өтті. 2 алтын және бір қола медальді жеңіп алдық. Сол жарысқа қатысқан қыз-жігіттеріміз бүгін де бар өнерін көрсетіп, жеңіске жетеді деген сенім бар. Ал, қолаға қол жеткізген Колмаков Павел «ел сенімін ақтап, алтын алуға барымды саламын», - дейді. Десек те АҚШ, Ресей, Еуропа мен Азия елдерінен келген кәсіби шаңғышылар да осал емес. Олардың да қарап қалмасы анық. Трассаны сынап көрді, кедергілерді қалай өтіп, жоталардан қалай сәтті секіруді білді. Ендеше дәл таудағы талапты жастардың жарысы қызықты өтіп, бәсекелестік қызу болмақ. Жұптасып сырғанау бойынша әлемнің 8 елінен 34 шаңғышы қатысады. Қазір іріктеу кезеңі басталды. Ал ақтық сын сағат 14:00-де басталады. Сол кезде де біз жарыс жайында баяндайтын боламыз. Ендеше біздің спортшыларға тек сәттілік тілейік.

Авторы: Алмас Сәдуақас

Хабар 24 телеарнасы