422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ережені бұзған Галина Вишневская жарыс жолынан шығып қалды

  • 2514

Қазақстандық спортшы Галина Вишневская Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарының 10 шақырымға із қуалай жарысу сайысында нысанадан шатасып, жүлдегерлер қатарынан тыс қалды.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Бәсекенің ережесі бойынша, спортшылар бірінші нысана көздеу айлағында нысанда екі рет жатып, ал содан кейін екі рет тұрып ату керек болған. Бірақ біздің отандасымыз Галина Вишневская екінші мүмкіндігінде тұрып атып, жарыстың ережесін бұзды.

Негізі отандасымыз екінші нысана көздеу айлағына келерге дейін көш бастап келе жатқан. Бірақ бұл қателігінен кейін жарысты ұйымдастырушылар Галина Вишневскаяны жарыс жолынан шығарып тастады.

Хабар 24 телеарнасы