378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайберген Джеки Чанға шапан жауып, домбыра сыйлады

  • 1529
  • UPD: 08:45, 07.02.2017
Димаш Құдайберген Джеки Чанға шапан жауып, домбыра сыйлады

Қытайдың «Мен әншімін» байқауында бақ сынап жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген белгілі актер Джеки Чанмен кездесті.

Жүздесу туралы Димаштың өнеріне тәнті болған Д.Чан ұсыныс жасаған. Бұл туралы жас әнші өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлады: «Бүгін менің өмірімде есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты. Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның «Әлқисасынан» шашу шаштым! Өз кезегінде актер маған соңғы Kung Fu Yoga кинокартинасындағы би қимылдарын үйретті. Бала кезімнен бері сүйікті актерім маған өз ақыл-кеңестерін беріп, шығармашылығымды бақылайтынын айтты. Сөз соңында барша Қазақстан xалқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді. Келесі кездесуді асыға күтеміз! Армандар орындалады!..».

Хабар 24 телеарнасы