422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада-2017: Қазақстан екінші орында тұр

  • 3199

28-ші Қысқы Универсиаданың басталғаны кеше ғана секілді еді, енді, міне, қорытынды шығарар шаққа келіп қалыппыз.

Рас, алда екі бірдей жарыс күні бар. Он екі бас жүлде сарапқа салынады. Сегізін бүгін таратты. Соның бірнешеуі біздің спортшыларға бұйырды. Дәл қазір Абай ескерткішінің маңында чемпион мен жүлдегерлерді марапттау рәсімі өтуде. Ресей мен Жапонияның, Беларусь пен Оңтүстік Кореяның туы желбірегенін жұрт көрді. Қазақ елінің студенттері күміс, қола медаль алды. Ал жалпыкомандалық есепте екінші орында келеміз.

Хабар 24 телеарнасы