423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін Алматыдағы Универсиада ойындары аяқталады

  • 4421
Бүгін Алматыдағы Универсиада ойындары аяқталады

Бүгін Алматыда өтіп жатқан ХХVIII қысқы Универсиада ойындары өз мәресіне жетеді.

Жарыстың соңғы күні хоккей мен шаңғы спортынан 30 шақырымдық масс-старт сынында жеңімпаздар анықталады.

Осы күнге дейін 83 медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Жалпыкомандалық есеп бойынша Ресей құрамасы 27 алтын, 26 күміс, 15 қола медальмен көш бастап тұр. Бүгінгі жарыс қорытындысы бойынша өзге құрамалар ресейліктердің нәтижесін басып оза алмайтыны анық. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы да жалпы есепте екінші орынға ие болды. Отандастарымыздың еншісінде 11 алтын, 7 күміс, 16 қола медаль бар. Үздік құрамалар үштігін Корея құрамасы түйіндеп тұр.

Бүгінгі шаңғы спортынан 30 шақырымдық масс-старт сыны Астана уақытымен сағат 10:00-де басталады. Қазақстан атынан Александр мен Сергей Малышев, Виталий Пухкало, Олжас Климин, Дәулет Рахымбаев жарыс жолына шығады. Ал шайбалы хоккейден 3-орын үшін өтетін Канада мен Чехия кездесуі сағат 11:00-де басталады. Қазақстан мен Ресей арасындағы финалдық кездесу Астана уақытымен сағат 15:00-де өтеді. Тікелей эфирде «Хабар» арнасы көрсететін болады.

ХХVIII қысқы Универсиада ойындарының жабылу салтанаты Астана уақытымен кешкі сағат 19:00-ге жоспарланған. Салтанатты шара «Алматы Аренада» өтеді. Тікелей эфирде «Қазақстан» мен «Хабар» арналары көрсетеді. Бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларға сәттілік тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы