378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Опера» сахнасында «Қыз Жібек» операсы қойылады

  • 1095
  • UPD: 07:57, 10.02.2017

Ақпанның 10-ы мен 11-інде «Астана Опера» театрының сахнасында Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы қойылады.

Мұндағы басты рөлдерді Назым Сағынтай, Жаннат Бақтай, Салтанат Ахметова, Медет Шотабаев және Мейір Бәйнешов сынды танымал әртістер сомдайды. Сахнада барлығы 300 адам өнер көрсетеді. Операның қоюшы режиссері болып Беларусь елінің маманы Михаил Панджавидзе тағайындалды. Оның айтуынша, бұл опера заман талабына сай әзірленген. Бұрын-соңды қолданылмаған декорациялар мен киімдер дайындалды.

Айта кетейік, операның либреттосын аса көрнекті драматург әрі жазушы Ғабит Мүсірепов жазған.

Төлеубек Әлпиев, «Астана Опера» опера және балет театры директорының бірінші орынбасары:

- Қазір бізде оркестр басқа болады. Заман өзгерді. Оркестрге домбыра, жетіген қосылды. Бұрын ондай болмаған. Мына жерде костюмдер де ерекше. 350 эскиз шығарған. Әрбір шыққанға костюм бар.

Хабар 24 телеарнасы