381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ыстамбұлда қазақ мәдениеті қорының қолдауымен концерт өтті

  • 801

Ыстамбұлда қазақ мәдениеті қорының қолдауымен «Аруларасыл жандар» атты концерт өтті.

Мерекелік кешті тамашалауға қазақ диаспорасы мен этномәдени орталықтардың өкілдері және Түркияның жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттер қатысты. Концертте аналар мен қазақтың қайсар қыздары жайлы әндер шырқалып, домбырадан күй төгілді. Мерекелік кеш аясында сурет және қолөнер шеберлерінің көрмесі де өтті.

Азиза Тастанова, көрермен:

- Бүгінгі бағдарлама өте қызықты өтті, маған өте ұнады. Жолдастарымызға да өте ұнады. Дәмді тағамдар, сурет пен қолөнер көрмесі көңілдегідей болды. Концерттік бағдарламада талантты жастарымыздың бар екенін көріп қайттық.

Наталья Барабаш, көрермен:

- Барлығымызға мерекелік көңіл-күй сыйлаған қазақ мәдениеті қорына алғысымызды білдіреміз. Концерттік бағдарлама өте ұнады. Ұлттық киімдер керемет, ал балаларымыздың өнері таңдай қақтырды. Ұлттық тағамдардың орны бір төбе. Осы мүмкіндікті пайдаланып барлық қыз-келіншекті мейраммен құттықтаймын. Оларға махаббат пен мықты денсаулық тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы