Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада «Вальпургиев түні» қойылымының тұсаукесері өтеді

  • 597
  • UPD: 19:31, 13.03.2017

Астана балет театры жаңа қойылымға дайындалып жатыр.

Бұл жолы өнер ұжымы Шарль Гуноның музыкасына жазылған «Вальпургиев түні» бір актілік шығармасын сахналайды. Тұсаукесері наурыздың 17-18 күндеріне белгіленген. Қоюшы хореограф - Ресей Федерациясына еңбек сіңірген өнер қайраткері, Татарстанның Халық артисі, танымал балетмейстр Георгий Ковтун. Қойылым орыстың классикалық балет дәстүріне негізделген. Оқиға Грекияың көне мифтері мен аңыздары төңірегінде өрбиді. Спектакльге алғаш рет ұлттық хореографиялық академиясының жастары тартылып отыр. Айта кетейік, бүгінгі күні Астана балет театрының репертуарында 10-нан аса қойылым мен бірнеше хореографиялық миниатюра бар.

Георгий Ковтун, балетмейстер, хореограф:

- Қазіргі заманғы технологияны пайдаланып, көптеген элементтер қостық. Яғни, 3Д форматын пайдаланатын боламыз. Жарық та өзгеше берілмек. Балетті тек көру керек. Ол керемет жан дүниеңе рахат сыйлайтын керемет өнер ғой. Мен мұны спектакльден де ауқымды үлкен өнер туындысы дер едім. Бағасын көрермендерден күтеміз.

Диана Батырова, балет артисі:

- Біз премьераға қызу дайындық үстіндеміз. Бір ай дайындалдық. Қойылым тарихи мифологияда тұрады. Аспан мен жер арасындағы тепе-теңдікті бейнелейтін боламыз. Бұл біздің театрдағы ең ауқымды балет болғалы тұр.

Хабар 24 телеарнасы