378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада алғаш рет Astana Opera Ball атты ауқымды мәдени шара өтеді

  • 412
  • UPD: 14:56, 18.03.2017
Астанада алғаш рет Astana Opera Ball атты ауқымды мәдени шара өтеді

Астанада алғаш рет ауқымды мәдени шара Astana Opera Ball өтеді.

Сұлулық пен сән-салтанатқа арналған кеш Елорда күні қарсаңында – 2017 жылғы 1 шілдеде «Астана Опера» театрының Мәрмәр залында өтеді. Бал өзінің маңыздылығы жағынан мемлекеттік қабылдаумен қатар тұр, оған мәртебелі қонақтар, сонымен қатар музыка әлемінің жұлдыздары және медиа тұлғалар қатысады. Шара театр демеушілерімен қаржыландырылады және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.

Балды ең үздік 100 би жұбы ашады. Мерекені өткізу үшін, қатысушылар бірнеше кезеңнен өтуі тиіс.

Біріншісі – кастинг. Театр аккаунттарында жариялаған өтінімді қабылдау мерзімі 30 наурызда аяқталады, ал 2 сәуірде дебютанттарды іріктеу рәсімі өтеді. Балға қатысу үшін өз өмірін жарқын әсерлермен толтырғысы келетін және балдың ғажайып атмосферасын сезінгісі келетін некеде тұрмаған 18 бен 28 жасқа дейінгі жігіттер мен 18 бен 25 жасқа дейінгі қыздар өтінім білдіре алады.

Бал комитеті «Астана Опера» өнер ұжымдарының басшыларынан құралған, соның ішінде балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова бар.

Хабар 24 телеарнасы