384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда түркітілдес елдердің бишілері бақ сынады

  • 667
  • UPD: 21:50, 24.03.2017

Түркістанда түркітілдес елдердің бишілері бақ сынасқан «Бұраң бел» халықаралық би фестиваліне 20 ұжым қатысты.

Оның 11-і өзге елден келген қонақтар. Арасында қырғыздың «Датқа айым», Әзербайжанның «Жанги», Венгрияның Forras және Түркияның «Режеп Ердоған» сияқты би тобы бар. Бұл сайысқа елімізден «Шәмсінұр», «Жастар», «Айгөлек»,«Таңшолпан» сияқты 9 би ұжымы қатысты. Әрқайсысы өз ұлтының ерекшелігін дәріптеп, би өнерінің шыңын көрсетті. Бас жүлдені түркиялық «Режеп Ердоған» би ансамбілі жеңіп алды.

Кесер Ердоған, «Режеп Ердоған» би тобының хорегрофы (Түркия):

 

- Бұл жерде ең бастысы – жеңіс емес, осы дүбірлі додаға қатысу. Өйткені мұнда түркітілдес елдердің барлығынан ең мықты деген бишілер келген. «Түрксойдың» жүлдесін алу біз үшін үлкен бақыт. Біз өзге ұлыстардың өнерін би арқылы тамашаладық. Өнер иелерін күтіп алып, осындай деңгейде өтуіне мұрындық болған қазақстандықтарға мың алғыс.

Хабар 24 телеарнасы