387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ел арна» бүгін сағат 18:00-де іске қосылады

  • 852
  • UPD: 18:17, 27.03.2017

Бүгін «Ел арна» телеарнасы эфирге шығады. «Хабар» агенттігінің құрамына кіретін жаңа арна кешкі сағат алтыдан бастап өз жұмысын бастайды. Бірінші болып «Ән аға» және «Дорога домой» атты туындылар көрерменге жол тартады. Негізі мұнда тек қана отандық көркем фильмдер, деректі кино мен сериалдар көрсетіледі.

Бұдан бөлек, арна басшылығы «Қазақфильм» акционерлік қоғамымен келіссөздер жүргізіп, тамаша туындылардың көрсетілімі бойынша шарт жасалды. Сондай-ақ, жас киногерлердің шығармалары да көрермен назарына ұсынылмақ. «Ел арнаны» «Отау TB» ұлттық спутниктік желісі мен «Ғалам TB» интернет порталында тамашаулаға болады. Жаңа телеарна «Отау TB» қабылдағыштарының 37-інші батырмасы арқылы таралады.

Хабар 24 телеарнасы