386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайберген Chinese Top Ten Music Awards марапатына ұсынылды

  • 991
  • UPD: 19:12, 27.03.2017

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Азиядағы ең ауқымды Chinese Top Ten Music Awards марапатының «Азиядағы ең танымал әнші» номинациясына ұсылды.

Бұл туралы әншінің PR-директоры өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Құрметті, достар! Тағы да тақым қысатын сәт келді. 27 наурыз тікелей эфирде сағат 19:30-да Dragon TV (东方卫视) арнасында Азияның ең үлкен ауқымдағы марапаты Chinese Top Ten Music Awards (东方风云榜) шарасы өтеді.

Димашымыз Best Asia popular singer («Азияның ең танымал әншісі») номинациясына ұсынылғандардың қатарында. Алғаш қатысып отырған xалықаралық марапаттан үмітіміз зор.

Осы кеште Азияның әншілерімен бірге қызыл кілемнен өтіп, өнер көрсететін болады. Бәрі де сіздердің тілектеріңізбен! Ал ендеше жақсылыққа жориық!», - деп жазады әншінің PR-директоры Алпамыс Шәрімов.

 

 

Хабар 24 телеарнасы