387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Сахнагер - 2017» ұлттық театр сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

  • 655
  • UPD: 19:59, 27.03.2017

Бүгін елордада «Сахнагер - 2017» ұлттық театр сыйлығының лауреаттары марапатталды.

Он бес номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, топ жарғандарға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді. Үздік режиссер Нұрқанат Жақыпбай, Үздік драматург Мәдина Омарова, Дулыға Ақмолда «Үздік актер» атанды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жалпы театр өнерінің дамуы сөз болып, жас мамандардың білімін жетілдіру жөнінде бастамалар көтерілді. Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов актерлер деңгейі биіктеп келеді, бірақ кәсіби режиссерлердің қатары аз екенін ескертті.

Театрға қатысты бірнеше шара жоспарланған екен. Мысалы, Астанада Еуразиялық театр фестивалі өтеді. Қайрат Сүгірбеков атындағы жас режиссерлер форумы да күн тәртібінде тұр.

Асқат Маемиров, «Қазақ әуендері» АҚ президенті:

- Биыл елімізде төрт бірдей үлкен театр мерекесі өтейін деп жатыр. Оның ең біріншісі жыл сайынғы дәстүрлі республикалық театрлар фестивалі. 25-рет өткізіледі. Біздің мемлекет  Еуразия кеңістігінде алты тілде сөйлейтін театры бар бірден-бір ел. Ұйғыр, корей, неміс, өзбек, орыс театрлары Қазақстанда ерекше мәнге ие және өзіміздің ұлттық қазақ театрларымыз бар. Осылардың арасында этикалық театр фестивалі өтеді.

Хабар 24 телеарнасы