387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасы I Am a Singer байқауын 1 сәуірден бастап көрсетеді

  • 671
  • UPD: 23:41, 30.03.2017
«Хабар» арнасы I Am a Singer байқауын 1 сәуірден бастап көрсетеді

Дарынды жерлесіміз Димаш Құдайбергеннің суреті АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Таймс Сквер» алаңындағы ең үлкен LED экранынан орын алды.

Қазақ баласының бұл жетістігі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Димаштың мұхиттың арғы бетіндегі бағындырған белесі туралы PR-менеджері Алпамыс Шәрімов өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Бұл фотошоп емес! Бұл әлемнің ең жарқын қалаларының біріНью-Йорк «Таймс Скверіндегі» ең үлкен басты LED дисплейі! 101 FM радио-медиа орталығы, танымал жұлдыздар арасында осы құрметке ие болу үшін бәйге жариялаған болатын. Қазақ баласының әлемдік жанкүйерлері дауыс беру арқылы Американың төрінде Димаш Құдайбергеннің суреті миллиондарға жария болды. Түрлі ұлт өкілдері, «Таймс Сквердің» көпшілігі енді басты экраннан қазақ әншісін тани алады!», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Chinese Top Ten Music Awards сыйлығының «Азияның ең танымал әншісі» номинациясында жеңіске жеткен еді. Бұл марапат Қытайдың «Грэмми» баламасы болып саналады.

Әншінің PR-менеджері марапаттау рәсімін бейнежазбаға түсіріп, желіге жүктеген екен. Қазақ баласы алғаш рет Голливуд фильмінің саундтрегін де орындап шықты. Телехикая Power Rangers деп аталады. Авторлары белгілі Lionsgate компаниясы. Youtube желісінде әннің cover нұсқасы жарияланды.

Димаш көрші елдегі I am а singer байқауының он кезеңін сәтті бағындырып, финалға шыққаны белгілі. Соңғы рет өнерпазымыз «Ұмытылмас күн» әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айтпақшы, бұл әннің авторы Димаштың өзі.

Аты әлемге танылған жас әншінің қатысуымен өтіп жатқан қытайлық жобаны біздің арна көрсететінін айтқан болатынбыз. Көрермендердің сұрауы бойынша, музыкалық дода енді бірінші бөлімінен бастап, осы сенбі, яғни 1 сәуір күні сағат 16:15-те назарларыңызға ұсынылады.

Жеңіс жолындағы қиындықтар қандай? Димаш Құдайбергеновтың қарсыластары кімдер? Сарапшылар оған қандай пікірлер айтты? Тек «Хабар» арнасынан біле аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы