386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәдениет нысандарын жабу мәселелері бұдан былай министрлікпен келісілуі тиіс

  • 495
  • UPD: 15:26, 31.03.2017

Мәдениет нысандарын жабу немесе жекешелендіру мәселелері бұдан былай министрлікпен келісілуі тиіс.

Еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгін Сенатта мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында осылай деп мәлімдеді. Ресми мәліметке сүйенсек, тәуелсіздік жылдары елімізде 20 театр ашылып, 7-іне жаңа ғимарат салынды. Тың технологиямен де жабдықталып жатыр. Мәдениет ошақтары жылына 3-4 жаңа қойылыммен толығады. Дегенмен салада түйіні тарқамаған түйіткілдер де жоқ емес дейді мамандар. Бұл ретте депутаттар өнер адамдарын алаңдатқан мәселелерді ортаға салды. Тозығы жеткен ғимараттар жайы қозғалып, заманауи театр мәселесі көтерілді. Өзге елдерде бар тәжірибені ескеріп, әншілерге фонограмма қолдануға тыйым салу қажет деген де пікір айтылды. Қазіргі уақытта театр сахналарында 12 мыңнан астам спектакль көрсетіліп, көрермен саны 2 млн-нан асқан. Арыстанбек Мұхамедиұлы шығармашылық топ өкілдерінің көкей-кесті мәселелері жаңа заң жобасы аясында ескерілетіндігін жеткізді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Алғаш рет норма енгізіліп жатыр, оған сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мәдени нысандарды жапқанда немесе ашатын кезде тек өкілетті органның келісімімен жүзеге асырады. Шынында да, өңірлерде мәдениет үйлері өкілетті органмен келіспестен жабылып жатыр деген ескертулер болған еді. Яғни осыған дейін бұл бағыттағы шаралар еш келісусіз атқарылатын. Енді осы норманың арқасында аталған үдерісті реттеу мүмкіндігін аламыз.

Хабар 24 телеарнасы