386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Опера королі Пласидо Доминго тамыз айында Астанада өнер көрсетеді

  • 495
  • UPD: 13:39, 03.04.2017
Опера королі Пласидо Доминго тамыз айында Астанада өнер көрсетеді

Опера королі Пласидо Доминго 1 және 3 тамыз аралығында «Астана Опера» театрының сахнасында Дж. Вердидің «Травиата» операсында шырқайды. Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Травиата» операсы еңбек жолымды бастаған сәттен-ақ мен үшін үлкен белгіге айналды. 1960 жылы небәрі 19 жасымда Монтерреде (Мексика) өткен операда Гастонның шағын партиясын шырқадым. Келесі жылы дәл осы қалада мен бірінші басты рөлім Альфредті орындадым. Сонымен бірге осы ұлы жауһар туындыға дирижерлік еттім. Енді міне Альфредтің әкесі Жорж Жермонның баритондық партиясын шырқау бақыты бұйырды, – деп атап өтті Пласидо Доминго.

Хабар 24 телеарнасы