385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанда ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы арнайы медальмен марапатталды

  • 583
  • UPD: 10:30, 13.04.2017

Әзербайжанда Қазақстанның мәдени күндері өтіп жатыр.

Сәуірдің 12-сі мен 15-і аралығында Баку мен Шеки қалаларында Қызылорда облысының өнер ұжымдары өнер көрсетеді. Іс-шараға дайындық барысы осы елдегі Қазақстанның елшілігінде пысықталды. Сондай-ақ бұл жиынға қатысқан ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысына Түрік халықтарының бүкіләлемдік конгресінің президенті түрік мәдениетінің дамуына үлес қосқаны үшін медаль табыстады.

Ержан Әбдірахманов, Қызылорда облысы мәдениет басқармасының жетекшісі:

- Бізге қолдау көрсеткен Әзербайжанның Мәдениет және туризм министрлігі мен ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейіновке алғысымды білдіремін. Бауырлас елде өнерімізді паш ету – біз үшін үлкен қуаныш.

 

 

Хабар 24 телеарнасы