384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Андрей Классен өзі білім алған мектебінде жаңа туындының тұсауын кесті

  • 537
  • UPD: 16:22, 19.04.2017

Әлемдік деңгейдегі әйгілі пианист Андрей Классен қарағандылық оқушыларға музыкадан дәріс беріп жатыр.

Балалар композиторы – Саран қаласындағы өнер мектебінің түлегі. Ол туған өлкесіне 30 жылдан кейін табан тіреп тұр. Қазір музыкант Германияда тұрады. Ол жерде Андрей Классен жекеменшік мектепке жетекшілік етеді әрі 4 бірдей хорды басқарады. Композитор өзі білім алған мектебінде жаңа туындының тұсауын кесті. Қазіргі күні оның балаларға арналған 30-дан астам пьесасы бар. Бұл күндері музыкант балаларға шеберлік сабағын да өткізбек.

Андрей Классен, композитор:

- Балалар үшін бәрі қызық. Жаңа шығарманы үйренген кезде олар оны жан-жақты талдайды, ноталарын өзгертеді. Мен аз уақыт ішінде бар білгенімді жас музыканттарға үйретіп кеткім келеді. Бұл туған жеріме деген құрметтен туындаған дүние. 

Хабар 24 телеарнасы