387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» телеарнасы «Евровидение-2017» ән байқауын тікелей эфирде көрсетеді

  • 581
  • UPD: 17:55, 28.04.2017
«Хабар» телеарнасы «Евровидение-2017» ән байқауын тікелей эфирде көрсетеді

«Хабар» телеарнасы Киевте өтетін «Евровидение» ән байқауын тікелей эфирде көрсетуге дайындауда.

Мамырдың 9-ынан 10-ына қараған түні және 11-інен 12-сіне қараған түні Астана уақыты бойынша сағат 01:00-де екі жартылай финал, ал мамырдың 13-інен 14-іне қараған түні сағат 01:00-де – Гранд-финал өтеді.

62-нші байқауға 42 ел қатысады. Ереже бойынша әр елден 2016 жылғы 1 қыркүйектен кейін шығарылған, ұзақтығы 3 минуттан аспайтын әнді орындайтын орындаушы немесе топ (максимум 6 адам) шығады.

Байқаудың негізін салушы және демеуші, сондай-ақ ін байқауы өтетін 6 ел автоматты түрде гранд-финалға өтеді. Олар – Франция, Германия, Италия, Испания, Ұлыбритания және Украина.

Қалған елдер жартылай финалдарға қатысады, содан шыққан 20 ел гранд-финалға өтеді.

Қатысушы елдердің телекөрермендері дауыс беру жүйесі бойынша баллдарды қалған 10 басқа елдің арасында бөледі.

«Хабар» телеарнасының көрермендері үшін байқау көрсетіліміне дәстүр бойынша белгілі қазақстандық жүргізушілер Қалдыбек Жайсаңбай мен Диана Снегина комментарий жасайтын болады.

«Көрерменді көптеген қызықтар, 40-тан аса мемлекеттен жиналған әншілердің әуезді әні, қатысушылар туралы тың деректер, жалпы әдемі шоу күтіп тұр. Байқаудың іріктеу кезеңдерінен бастап, осы күнге дейінгі бақылап жүрмін. Байқағаным әртістердің барлығы кіл мықтылар. Дегенмен қазақта «бақ шаба ма, бап шаба ма» деген бар ғой, сондықтан ең мықтысы жеңіске жетеді» - дейді «Евровидение» жобасында 9-шы жыл комментатор болып келе жатқан Қалдыбек Жайсаңбай.

Хабар 24 телеарнасы