385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Eurovision-2017» ән байқауының финалистері анықталды

  • 476
  • UPD: 17:38, 12.05.2017

Eurovision-2017 халықаралық ән байқауының екінші жартылай финалы аяқталды.

Осылайша мәре алдындағы сынақта жеңіске жетіп, ақтық кезеңге өткен 10 әншіге оза шапқан тағы 10-ы қосылды. Ал шешуші кезең – финал ертең өтеді. Басты шоуда жеңіске жету үшін 26 өнерпаз өнер көрсетеді. Олардың 20-сын көрермендер мен жергілікті өнер майталмандарынан құралған қазылар алқасы таңдады. Ал Eurovision байқауының негізін қалаған 5 мемлекет, яғни Англия, Германия, Испания, Италия мен Франция елдерінің қатысушылары және жарыс алаңының қожайыны Украина  өнерпазы финалға автоматты түрде шықты. Еуропалық сарапшылардың болжамы бойынша, Италия, Португалия және болгариялық өнерпаздар жеңістен үмітті үздік үштікте тұр.

Айта кетейік, халықаралық ән байқауының ақтық сайысын 14 мамыр күні Астана уақытымен түнгі 01:00-де «Хабар» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы