384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркі елдерінің ақын-жазушылары кездесті

  • 602
  • UPD: 22:18, 12.05.2017

Түркістанда TURKSOY Халықаралық ұйымына мүше елдердің ақын-жазушылары да бас қосты.

Мақсат бауырлас елдердегі әдебиет қайраткерлерінің шығармашылық байланысын арттыру. Жиынға келгендер Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының төңірегінде пікір алмасты. «Түркітілдес елдердің ақын-жазушылары ортақ мүддеге ұйысып, қалам тербегені дұрыс. Себебі ежелгі түрік халықтарының бүгінгі ұрпақтарының бір-бірімен рухани һәм туыстық қарым-қатынасы әрқашан да жоғары бола береді», – дейді жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков.

Шара Түркі әлемі әдебиетінің кітап көрмесіне ұласты.

Хабар 24 телеарнасы