389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Operalia байқауы Астанада өтеді

  • 636
  • UPD: 21:19, 17.05.2017

ЕХРО-2017 көрмесі аясында дүниежүзілік Operalia байқауы Астанада өтеді.

Опера байқауының 25-ші маусымына әлемнің 17 елінен қатысатын 40 дарындының есімі белгілі болды. Бұл туралы Пласидо Домингоның ұлы Альваро Доминго баспасөз мәжілісінде айтты. Дүбірлі додаға әйгілі опера әншісі және дирижер Пласидо Домингоның өзі жетекшілік етеді. Ал «Астана Опера» театрының солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Мария Мудрякпен қатар төрт қазақстандық әртіс ел намысын қорғайтын болады.  Көрермен байқаудың барлық кезеңдерін тамашалай алады. Ширек және жартылай финал кезеңдері 24-26 шілдеде жеке өткізіледі. Әншілер өздері таңдаған арияларды орындайды. Ал 29  шілдеде өтетін шешуші сәтте он үміткер маэстро Домингоның өзі жетекшілік ететін «Астана Опера» симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен бақ сынайды.

Альваро Доминго, Operalia байқауы президентінің орынбасары:

-  Operalia –  жас таланттар үшін таптырмас мүмкіндік. Нағыз дарын иесі әділ анықталады. Пласидо Доминго төрағалық ететін қазылар алқасының құрамында жетекші шетелдік театрлардың өкілдері бар.  Жалпы жүлде қоры 180 000 АҚШ долларын құрайды. Ерлер мен әйелдер даусы арасында 1-ші, 2-ші және 3-ші дәрежелі жүлдегерлер анықталады. Дүниежүзілік додаға Rolex компаниясы демеушілік жасайды. 

Хабар 24 телеарнасы