387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Б.Нұрмұханбетовке арналған ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды

  • 580
  • UPD: 22:52, 17.05.2017

18 мамыр Халықаралық музей күні қарсаңында «Алтын адамТәуелсіз Қазақстанның рәмізі» деген тақырыппен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шара археолог-ғалым Бекен Нұрмұханбетовке арналды. Ол кісінің есімі аталғанда, «Алтын адам» қоса аталады. Бүгінде Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» еліміздің азаттық символына айналды.

Бекен Нұрмұханбетов 1935 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Бар ғұмырын қазақ археологиясына арнады. Қорық-мұражай ашып, ашық аспан астындағы тарихи жәдігерлерді қорғауға алу туралы бастаманы алғаш болып көтерген. Сонымен қатар қазба жұмыстарын жүргізудің тың әдіс-тәсілдерін енгізді. Ол өмірінің соңына дейін өзінің сүйікті кәсібімен айналысып, экспедициялық сапарлардан қалған жоқ. Археолог өткен жылы дүниеден озды. «Рухани жаңғырту» аясында тарихи-мәдени қорықты сақтау, оны зерттеу әлі де жалғасады. 

Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы:

- Есік қорғандарының жанында Сақтар дәуіріне жататын қаланың орны бар деген гипотезаны Бекен ата айтатын. Сол жерді тексеріп, шын мәнінде сол қаланың орны болатын болса, ол керемет дүние. Бекен атаның осы идеясын әрі қарай жалғастыру керек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы