384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Бала дауысы» ән байқауының іріктеу кезеңі басталды

  • 812
  • UPD: 10:04, 19.05.2017

Биыл Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры елімізде «Бала дауысы» ұлттық ән байқауын екінші рет өткізіп отыр.

Байқау қандай да бір коммерциялық мақсатты көздемейді. Еліміздің барлық аймағын қамтып, дарынды өрендердің шығармашылық қабілетін ашу үшін қолға алынған жоба. Мақсаты балалардың музыкалық білім алуына және тәрбиесіне қатысты мәселелерге қоғам назарын аудару. Іріктеу кезеңі 13 мамыр мен 22 маусым аралығында еліміздің барлық аймағында өткізіледі.

Бүгін Алматыдағы байқауға 400 бала қатысып, бар өнерін көрсетті. Аймақтар мен Алматы және Астана қаласынан тек бір ғана жеңімпаз қорытынды сынға жолдама алады. Ал іріктеу кезеңінен өткен 16 жеңімпаз 29 қазанда Алматыда өтетін супер финалда «Бала дауысы - 2017» ұлттық ән байқауында бақтарын сынайды. Өнер сайысына 7-13 жас аралығындағы кез келген баланың қатысуына болады.

Бекарыс Қыдырбаев, байқауға қатысушы:

– «Бала дауысына» тағы да балалардың қатысқанын көріп, менің де қатысқым келді. Өзімнің жұлдыз екенімді көрсеткім келді. Өткен жылы Талдықорғанда қатысқан едім, биыл Алматы қаласына келдім.

Фарида Ниязова, «Бала дауысы - 2017» ұлттық ән байқауының музыкалық продюсері:

– Тыңдап отырғанда тақпақ па, жоқ, әлде ән бе деп түсінбей қаласың. Сол үшін біз балаларға міндетті түрде байқауға келгеннен кейін репертуарларыңды қарап, дауыс күшін көрсететін, диапазонын көрсететін әндер айтыңдар деп жатамыз. Осындай әндерді айтып берсе, біз қуанышты болатын едік.

Хабар 24 телеарнасы