386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада мәдениет пен өнер саласының үздіктері марапатталды

  • 980
  • UPD: 23:47, 19.05.2017

21 мамыр – Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер қызметкерлері күні.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 2013 жылдан бері аталып келе жатқан кәсіби мереке қарсаңында төл мереке иелеріне құрмет көрсетілді. «Қазақстан» орталық концерт залында ұйымдастырылған салтанатты шарада көрерменге рухани азық сыйлап жүрген ақын-композиторлар, театр әртістері  «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. Ал өмірінің көп бөлігін осы салаға арнаған өзге де мамандық иелеріне құрмет грамоталары мен «Еңбек даңқы» наградалары табысталды.

Махаббат Бигельдиев, ақын, композитор:

- Қазақстанның даму жолында ақындар да, жазушылар да бірге келе жатыр. Халқының, елінің ерлігін жырлай берсін. Қазақ халқы аман болсын. Ақындары үлкен жетістіктерге жетсін деп тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы