387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Astana Ballet театры көпшілікке ерекше қойылымдар ұсынды

  • 478
  • UPD: 23:48, 26.05.2017
Astana Ballet театры көпшілікке ерекше қойылымдар ұсынды

Астананың екі кеші шын мәнінде әсерлі болды. Astana Ballet театрында алғаш рет неоклассика шедеврі Джордж Баланчиннің «Серенадасы» мен бразилиялық хореограф Рубен Терранованың «Қайшылықтар» спектаклінің алғашқы қойылымы өтті. Қос қойылым да мінсіз стиль мен ғажайып хореографиясымен ерекшеленеді.

Джордж Баланчиннің «Серенада» балеті ХХ ғасырдың алтын қорына енген. Өз жаңашылдығын Дж. Баланчин орыс хореографының америкалық балеті «Серенадада» көрсетті. Спектакльді ол америкалық балет мектебін (SAB) құрғаннан соң екі жарым айдан кейін бастап кетті.

Ол театр сахнасында алғаш рет Джордж Баланчин қорының қолдауымен қойылып, хореографтың мәнері мен техникасының стандарттарына сай жасалды.

«Біз Дж.Баланчин қорымен 3 жыл жұмыс істедік. Атқарылған ұзақ мерзімді жұмыстың нәтижесінде қор бізге  XX ғасырдың әйгілі заманауи жауһарын қоюға, гастрольдік сапарларда қою құқын берді. Біз Қормен жұмыс істеуге алғашқы күннен мүдделі болдық. Сондықтан бұл спектакль театр өміріндегі елеулі қадам болып саналады», - деді театр директоры Валерий Кузембаев.

Бразилиялық хореограф Рубен Терранованың  «Контрасты» балеті — бірнеше бейнені сахнаға алып шығатын хореографиялық композиция. Балеттің әрбір эпизодында жанымыздың қалауы көрініс тапқан. Көрермен қауым қиял әлеміне шомғандай әсерде қалады. Шынайы уақыт – өміріміздің бір қыры болса, қиял – екінші қыры. Бірақ, олар бірінің ізін бірі басады. Осы қойылымның негізіне қайшылықтардың бірлігі идеясы алынып отыр. Балет партитурасы қарама-қайшы түстерден, музыкалық композияциялардан, жарық пен көлеңке, қиял мен шындықтан өрнектелген. Бұл балетте бәрі бірін бірі толықтырып, өзара байланысқан қарама-қайшылыққа толы.

«Әрбір сахнаның өз қайшылықтары, эмоцияны жеткізу тәсілдері  бар. Менің қойылымымның кейіпкерлері өз рухына жайлылықты іздеген жандар. Бұл бір түс іспеттес: алғашында түнек, содан соң жарық пен анықтық. Бұл – өмірдегі қайшылықтар. Олар түрлі бояулар мен әсерлерге толы. Қойылым соңында қиял әлемі мен шынайы тіршіліктің, өлім мен өмірдің барлық қайшылықтары суреттеледі», - дейді Рубен Терранова.

Astana Ballet театры өз репертуарын әлемдік шедеврлер мен заманауи балетмейстерлердің қойылымдарымен толықтырып отырады, деп хабарлайды Astana Ballet театрының баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы