389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық жас өнерпаз Кремльде ән шырқады

  • 695
  • UPD: 23:14, 29.05.2017

Өскемендегі балалар үйінің тәрбиеленушісі Влад Лоскутов Ресейдегі «Ты супер» байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болды. Жас өнерпаз сондай-ақ Мемлекеттік Кремль сарайында әнші Роза Рымбаевамен бірге өнер көрсетті.

Халықаралық вокалдық байқау алғаш рет өткізіліп, барлық ТМД елдерінен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған дарынды балалардың басын қосқан. 17 жастағы қазақстандық Владислав Лоскутов бірінші өнер көрсеткенде-ақ көрермен қауым мен қазылар алқасының көңілінен шықты.

Ал Кремльде дарынды жас пен қазақ эстрадасының жарық жұлдызы «Первая любовь» әнін орындады. Оларға залдағы көрермендер да қосылды.

Владислав Лоскутов, жарысқа қатысушы:

-Мен «Үміт» балалар үйіне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіргім келеді. Барша Қазақстан маған сенім артып, жанкүйер болды, қолдады. Мен осы дұрыс жолмен жүру керек екенін сезіндім. Музыкамен айналысуымды тастамауым керек, алға қарай ұмтылып, биіктерден көрініп, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізіп, үлгі болуым керек.

Хабар 24 телеарнасы