386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» агенттігі мен Шыңжаң аймақтық телеарнасы ынтымақтастық туралы келісті

  • 710
  • UPD: 20:55, 06.06.2017

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Астанаға сапары және Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті қарсаңында Қазақстан-Қытай достығына өзек болатын тағы бір қадам жасалды.

Шыңжаң аймақтық телеарнасы мен «Хабар» агенттігі арасында келісімге қол қойылып, тараптар шығармашылық байланысты нығайтуға уағдаласты. Енді екі жақ дайын бағдарламалар алмасумен қатар өзге де бірлескен жобаларды жүзеге асыруы мүмкін. "Жібек жолындағы қойылым" деп аталған тақырып аясында агенттіктің бірнеше төл туындысы Қытай елінде көрсетіледі. Есесіне Шыңжаң жерінде түсірілген телеөнімдерді қазақ елінің көрермендері де тамашалай алады.

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары:

- Си Цзиньпин мырзаның Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында қытайлық ақпарат құралдары мен Қазақстан телеарналары арасында ынтымақтастықты дамытуға арналған бірнеше шаралар өтіп жатыр. Соның бірі бүгінгі Синьзян аймақтық телеарнасы мен «Хабар» агенттігінің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім шарт. Бұл келісім-шарттың басты мақсаты екі ел арасындағы телевизия саласында өнім алмасу, ортақ телевизиялық бағдарламалар, жобалар жасау, сондай-ақ мамандар тәжірибесін бірлесе отырып жетілдіруге бағытталған шаралар жасау болып табылады. 

Пэн Кай, Шыңжаң телеарнасы жаңалықтар орталығының директоры:

- Қытайда тұратын қазақтар саны біршама. «Хабар» ұсынатын телеөнімдер олар үшін маңызды екенін айтайын. Демек бұл жақтан баратын бағдарламалардың тұрақты аудиториясы бар. Сапалы өнімдерді тіпті бүкіл Қытай тұшына тамашалайды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы