387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ұлы дала симфониясы» жобасы амфитеатрда сахналанды

  • 756
  • UPD: 23:24, 10.06.2017

«Ұлы дала симфониясы» жобасы Амфитеатр сахнасында. ЭКСПО-2017 көрмесінің басты мәдени шараларының бірі бастау алды.

Дариға Тәшенова, тілші:

Экспо көрмесінің бірінші күнінде келушілерге керемет сый әзірленді десек қателеспейміз. Амфитеатрдағы атмосфера бүгін ерекше. Алаңға бірнеше мың адам жиналды. Өнер әуесқойлары дән риза. Бірер минут бұрын басталған қойылым бірнеше сюжеттік желіден құралған. 600-ден астам кәсіби әртіс қазақ халқының ежелден келе жатқан  тарихын өздерінің іс-қимылы, биі арқылы көрермен қауымға жеткізе білді. Осы театрландырылған шоуды дайындау үшін еліміздің классикалық композиторлары өз шығармаларын жазды. Ұлы дала симфониясын кәдімгідей имидждік жоба деп атасақ артық айтпаймыз. Себебі мына сахнада болып жатқан көрініс әрбір шетелдік қонаққа халқымыздың осы күнге дейін қалай өмір сүргенін, тұрмысын бейнелеп, жеткізе алады. 

Айта кетейік, театрландырлыған шоуды көруге ниетті адамдар көп болғандықтан, ұйымдастырушылар оны 5 күн бойы өткізбекші. Яғни, амфитеатрға келіп, керемет әсер алуға әлі де кеш емес. Қойылым маусымның 14-не дейін сахналанады.

Хабар 24 телеарнасы